Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады
Таяу Шығыстағы жағдай ушыққаннан кейін әлемдік мұнай бағасы қымбаттады. «Бренттің» баррелі 90 долларға тақаған. Ал «Дабл-Ю-Ти-Ай» 84 доллар шамасында сатылып жатыр.
Бағаның көтерілуіне Ормуз және Баб-әл-Мандеб бұғаздарындағы кемелерге жаңа соққылардың жасалуы, сонымен қатар Вашингтон мен Тегеран арасында келісімнің болу мүмкіндігінің азаюы себеп. Иран билігі АҚШ шарттарына құлақ аспайынша, Ормузда кемелер жүрмейді деп мәлімдеді.
«Рейтердің» хабарлауынша, кешеден бері бұғаз арқылы тек 6 кеме өткен. Нарыққа қатысушылар кеме қатынасына қатысты жаңалықтарды жіті бақылап отыр.