Колумбияда зілзала құрбандарының саны 254 адамға жетті
Колумиядағы қуаты 7,4 балдық зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Құрбандардың көбі – Перейра және Кали қалаларының тұрғындары. Құтқарушылар 2 күннен бері қирандыларды аршып, астында қалып қойған адамдарды іздеп жатыр.
Бірақ жүзден астам жерасты дүмпуі болып, операцияны сәтті жүргізу қиынға соғуда. Зілзала ошағына жақын Чоко департаментінде бірнеше елдімекен жарықсыз, сусыз және байланыссыз отыр. Кейбір жолдар жабылып қалған. Баспанасы қираған мыңдаған тұрғын паналайтын ыңғайлы орын іздеп әлек.