АҚШ-та әскери тікұшақ апатқа ұшырады
Қайғылы оқиғадан екі сарбаз қаза болған. «Апачи» тікұшағы Техас штатында егістікке құлады. Соңынан өрт шыққан. Оқиғаны «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Әзірге қаза болғандардың аты-жөні жарияланған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әскери тікұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу басталды.