2,4 млн ауған қызы білім алудан шеттетіліп отыр

Ауғанстанда екі миллион төрт жүз мыңға жуық қыз бала бастауыш сыныптан кейін оқуын жалғастыра алмай отыр. Бұл туралы ЮНЕСКО мәлімдеді.

Билік басындағы «Талибан» қозғалысының ережесі бойынша, 12 жасқа дейінгі қыздарға ғана әріп танып, оқып-жазуға рұқсат. Олардың жоғары оқу орындарында білім алуына тыйым салынған. Енді ЮНЕСКО ұйымы бұлай жалғаса берсе, 2030 жылға қарай елде орта және жоғары білімі жоқ қыз балалардың саны төрт миллионға жуықтайды деп алаңдайды.