Жаһан жұрты күн тұтылуын тамашалады
Кеше түнде әлем халқы күннің толық тұтылуын тамашалады. Әсіресе миллиондаған еуропалық ерекше құбылыстың куәсі болды.
Не бары 2 жарым минутқа созылған аспан құбылысын көру үшін Испания, Исландия, Гренландияға туристер арнайы барды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Исландия астанасы Рейкьявикте мұндай құбылыс тек 1433 жылы көрінген. Ұлыбританиялықтар да бұл оқиғаға ерекше дайындалған. Бұл елде кейінгі күн тұтылу құбылысы 1999 жылы болған. Енді 2090 жылға қарай, яғни 64 жылдан кейін ғана қайталануы мүмкін.