Израиль батыс жағалаудан 11 қоныс салады

Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауынан жаңа 11 қоныс салады. Бұл жөнінде Израиль қаржы министрі мәлімдеді. Қазір Дженин қаласындағы 26 үйді сүріп тастау үшін құрылыс басталды. Бірақ бұл аумақтағы баспаналар палестиналықтарға тиесілі.

Жалпы Батыс жағалауда Израильдің 365 қонысы бар. Онда 500-ден астам израильдік көшірілген. Бірақ Израиль салған барлық нысандар халықаралық құқық бойынша заңсыз. Өйткені Шығыс Иерусалимде 3 миллиондай палестиналық тұрады.