АҚШ азаматтығын алу қиындайды
Америка азаматтығын алу енді қиындайды. АҚШ мемлекеттік департаменті елдегі "босану туризміне" қарсы арнайы жұмыс тобын құрды. Негізгі міндеті - шетелдіктердің АҚШ-қа келудегі мақсатын анықтау. Өйткені туристердің дені сәбиіне азаматтық алды көздеп АҚШ-та босануды жөн көреді.
Осыны тоқтату үшін билік АҚШ-қа келушілердің, тіпті визасы барлардың құжатын қатаң тексерістен өткізбек. Сондай-ақ босану кезінде құжаттарды рәсімдеуге көмектесетін арнайы ұйымдардың жұмысын да бақылауға алғалы отыр.