Жапонияда ақжауын аласапыран туғызды

Жапонияның шығыс аймағында толассыз жауын, соңы тасқынға ұласып аласапыран туғызды. «Рейтердің» хабарлауынша, ел астанасы Токио маңындағы Чиба префектурасында 2 адамды су ағызып әкеткен. Дауыл да алай-түлей.

Пойыздар тоқтап тұр. Тасжолдар да жабық. Мыңдаған жолаушы далада қалды. Билік қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейін жариялады. Мамандар бір тәуліктің ішінде 367 миллиметр жауын-шашын түскенін айтады. Бұл тамыз айына тән қалыпты мөлшерден 3 есе көп.

Сондай-ақ оқыңыз: