Ұлыбританияда пойыз рельстен шығып кетті

Англияның оңтүстік-шығысындағы Льюис қаласының маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға салдарынан 11 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ. Пойыз құрамында жалпы саны 150-ге жуық адам болған. 

Полицияның мәліметіне сәйкес, үш вагон аударылып кетті. Апаттық-құтқару жұмыстарына байланысты жолаушылар пойыздарының қатынауы ішінара тоқтатылды.