Германияда 2 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Германияның батысында орман өрті өршіп тұр. Қазір екі мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар 3 ірі өрт ошағының екеуін ауыздықтап үлгерген.

Тілсіз жаумен күреске 300 құтқарушы мен арнайы техника тартылды. Ал синоптиктер алдағы күндері де қолайсыз ауа райы сақталады деп отыр.