Трамп Ормузды АҚШ аумағына қосуға ниетті

Дональд Трамп Ормуз бұғазын АҚШ аумағына қосқысы келеді. Бұл жөнінде Ақ үй басшысы Нью-Йорктегі полиция академиясында мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Иранға қарсы шабуылдар жалғасатынын айтты. Ал Тегеранның Сыртқы істер министрлігі сырттан төнген кез келген қауіпке берілмейміз деп мәлімдеді. Ормуз бұғазы тараптар арасындағы келіссөздердің басты түйткіліне айналған. Бұл тар өткелді екі ел де өз бақылауына алғысы келеді.