АҚШ демократтары праймериз кестесін бекітті

2028 жылы АҚШ-та президенттік сайлау өтеді. Осыған орай демократтар ішкі партиялық дауыс беру кестесін бекітті. 

Праймериз алдымен Оңтүстік Каролина штатында ұйымдастырылады. Одан кейін Невада, Нью-Гэмпшир, Нью-Мексико, Мичиган және Вирджиния штаттарында жалғасады. Құрама Штаттарда президенттік праймериз 2028 жылдың қаңтарында басталады. Ал оған дейін республикашылдар мен демократтардың аралық сайлауы өтеді. АҚШ Конгрессінің құрамы биыл 3 қарашада жаңарады.