АҚШ пен Жапония мұхит тереңінен кен өндіреді
АҚШ пен Жапония сирек металдарды мұхит тереңінен өндірмек. Мұны "Блумберг" басылымы жазды. Екі ел 6 шақырым тереңдікте кен орнын ашуды жоспарлап отыр.
Ғалымдардың болжамы бойынша су түбінде 16 млн тонна сирек метал бар. Зерттеу жұмыстары келер жылы басталады. Жобы құны - 5,8 млрд доллар. Токио мен Вашингтон бұл жобаны стратегиялық тұрғыда маңызды деп санайды. Себебі қазір әлемдегі сирек металдардың ең үлкен қорына Қытай ие. Алайда Бейжің экспортты шектеді. Бұған жауап ретінде АҚШ Жапониямен келісім жасап отыр.