АҚШ пен Корея әскери жаттығу бастады

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығу бастады. Екі елдің жауынгерлері түбекте 27 тамызға дейін шеберлігін шыңдап, қорғаныс қаруларын сынайды.

Алайда Пхеньян мұны солтүстікке басып кіруге дайындық деп қарастырып отыр. Сондықтан қарымта жауап болатынын ескертті. Дегенмен президент Трамп Сеулмен біріккен әскери жаттығу өткізуді азайтатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, Құрама Штаттардың Пхеньянға сес көрсетуі мүлде орынсыз деп санайды. Әрі әскери жаттығу өткізу қымбат екеніне назар аударды. Осы себепті олардың санын қысқартуға ниетті екенін жеткізді.