Үндістанда ғибадатханадағы кептелістен 7 адам көз жұмды

Үндістанда ғибадатханада кептеліс болып, адамдар бірін-бірі таптап, 7 адам мерт болды. Тағы ондаған тұрғын жараланды. Оқиға Бихар штатында Қасиетті Шраван айын атап өту кезінде болды.

Діни мерекеге 50 мың адам жиналған. Алайда электр желісі үзілген сәтте халық арасында дүрбелең басталады. Ауруханаға түскен кей тұрғындардың хәлі мүшкіл. Штат билігі зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіледі деп мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.