Конгода содырлар 50 адамды ұрлап кетті

Содырлар Конго Демократиялық Республикасының Итури провинциясындағы ауылдан 50 адамды ұрлап әкетті.

Қарулы топтың шабуылы салдарынан 5 адам қаза тапты. Оқиға Мамбаса ауданындағы Бабила-Бабомби елді мекенінде болды. Бұл елде адам ұрлығы жиі тіркеледі. Шілде айындағы екі шабуыл кезінде 32 бейбіт тұрғын көз жұмған. Қазір өңірде ұрланған жандарды іздеу жұмыстары қолға алынып, қауіпсіздік күшейтіліп жатыр.