Филиппинде мектептегі атыстан екі оқушы қаза тапты

Филиппиннің оңтүстігіндегі Замбоанга қаласында мектепте атыс болып, екі оқушы қаза тапты.

Тағы екі адам жараланған. ((Reuters)) Рейтердің мәліметінше, қарулы шабуылды тоғызыншы сынып оқушысы жасаған. Ол ғимаратқа екі қарумен кіріп, жоғары сынып оқушысына оқ атқан. Кейін өзі де көз жұмды. Оқиға кезінде жүздеген бала қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір аумақ толық бақылауға алынып, жергілікті полиция шабуылдың себебін анықтап жатыр. Президент Фердинанд Маркос құқық қорғау органдарына тергеуді жеделдетіп, мектептердегі қауіпсіздік шараларын қайта қарауды тапсырды.