No comment: толассыз жауын салдары
Коста-Риканың Лимон провинциясында нөсер соңы тасқынға ұласты. Қазір су басқан аудандардан тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Жүздеген адам уақытша баспаналарға орналастырылған. Қолайсыз күн райына байланысты 862 мектепте сабақ тоқтатылды. 2 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр.