Индонезияда зілзала құрбандарының саны артты

Индонезияда жойқын зілзаладан опат болғандар саны 70-ке жетті. Тағы 1200-ге жуық адам зардап шеккен. 

Осыдан 4 күн бұрын елдің шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Мамандар жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін деп отыр. Қазір тұрғындардың дені шатырларда түнеп жүр. 40 мыңнан астам адам уақытша баспаналарға орналастырылған. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, табиғат апаты салдарынан 12 мыңға жуық үй бүлінген.