Еуропадағы газ қорында өсім байқалды

Еуропаның жерасты газ қоймаларындағы қор 61%-ға жетті. Дегенмен бұл өсім кейінгі бес жылдағы орташа деңгейден 17 пайызға кем.

Бірақ қазіргі жағдайда дәтке қуат деуге болады. Бұл туралы Еуропалық газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы мәлімдеді. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының шектелуі себеп. Тағы, күн райына байланысты жел энергетикасынан өндірілетін электр қуатының төмендеуі де жағдайды қиындатып отыр. Соның салдарынан табиғи газға деген сұраныс артып келеді. Бұдан бөлек, мамандар тамыз айында сұйытылған табиғи газ импорты азаяды деп болжап отыр. Айта кетейік, Еуропалық Одақтағы газ қоймаларының жалпы сыйымдылығы - 109 миллиард текше метр.