АҚШ - Иран келіссөзі тығырықта тұр

Ормуз бұғазы төңірегінде дау өршіп барады. Дональд Трамп Парсы шығанағында маңызды өткелді басып алып, өзі иелік еткісі келеді.

Иран да қарап жатқан жоқ. АҚШ-тың Калифорния штатын Ислам Республикасының меншігі деп жариялады. Бұл мысқыл - екі жақ та енді келісімге келе қоюы қиын екенін көрсетеді. Яғни талас-тартыс тоқтамайды. Ал бұғазға қазір кім ие?

Лос-Анджелесте ирандықтардың ірі шоғыры бар

Ормуз бұғазы АҚШ пен Иран үшін талас-тартыс қана қана емес саяси дебатқа да айналды. Шабуылдардан бөлек, екі жақ бір-бірін қатқыл мәлімдемелер арқылы да тұқыртып қалуға асық. Трамп Ормузды алам дейді. Иран мұнысын келемежге айналдырды. Яғни, Тегеран әйгілі Калифорния штатын Иран Ислам республикасының аумағы ретінде сызылған карта жариялады. Неге бұл штат?

Өйткені бұл аймақта Лос-Анджелес, Голливудтен бөлек, "Тегеран-Джелес" деген де бір атауы бар. Pew зерттеу орталығының дерегіне сүйенсек, 2024 жылы АҚШ-та иран текті 750 мың америкалық тұрған. АҚШ-тағы ирандықтардың 59%-ы - иммигрант. Олар АҚШ-тағы барлық иммигранттардың 0,9 пайызы. Ирандық иммигранттардың басым көпшілігі АҚШ-та заңды түрде тұрады. 2023 жылы олардың 6 пайызында ғана заңды мәртебе болмаған. 1980 жылы шетелде туған ирандықтардың небәрі 15 пайызы АҚШ азаматтығына ие болса, 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 79 пайызға жетті. Бұл өзге елдерден келген иммигранттар арасындағы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. 

Рузбех Фараханипур, АҚШ-Иран диаспорасының өкілі:

- Мен АҚШ-қа 1999 жылы қашып келдім. 2000 жылы арнайы баспанаға ие болдым. Содан бері осында тұрамын. Жұмыс істеймін. Әрине, өз еліңді ұмыту мүмкін емес. Мен қолымнан келгенше оларға көмек көрсетуге дайынмын.  

Ормуздағы кемелер Оман бағытымен қозғалуда 

Сонымен Ормуға оралайық. Кейінгі екі аптада Парсы шығанағындағы кемелердің 80 пайыздан астамы Оман бағытын пайдаланған. Бұл Kpler аналитикалық компаниясының дерегі. Ормуз бұғазының солтүстігінде Иран, оңтүстігінде Оман тұр. Кемелер қауіп болмас үшін осы Оман жағымен өтеді. Енді бұлай жалғаса берсе, Иранның ықпалы әлсірейді. Бұл Ақ үдің қолайына жағады.  Өйткені АҚШ Иранның бұғаздағы ықпалын мойындағысы келмейді. Теңіз жолын халықаралық деңгейде ашық ұстағысы келеді. Сондай-ақ АҚШ әскери-теңіз күштерінің стратегиялық маңызы артады. Егер халықаралық кеме компаниялары Иран бекіткен бағыттан гөрі АҚШ қолдайтын Оман бағытын таңдаса, Вашингтон өзін теңіз қатынасын реттеуші ретінде көрсете алады.

АҚШ Иранның ықпалын әлсіреткенімен, Ормуздағы жағдайдың тұрақсыздығынан экономикалық тұрғыда өзі де зиян шегеді. Қазір бұғаз арқылы өтетін кемелер саны азайған. Соғысқа дейін Ормуз арқылы тәулігіне шамамен 130 коммерциялық кеме өтетін. 

АҚШ - Иран келіссөзі тығырықта тұр

Оман мен Иран Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасын қалпына келтіру жолдарын талқылап жатыр. Ал АҚШ Иранның тиісті талаптарды қабылдап, келісімге келуіен мүдделі. Бұлай болмаса, енді Оманға соққы береміз дейді. Мақсат – Иранның ядролық қаруға ие болмауы. Дональда Трамп Оман Иранға жақтасып, жолымызды бөгейтін болса, тас-талқанын шығарамыз, деп бекініп отыр. Reuters ақпаратына сүйенсек, Иран да жай жатқан жоқ. Ормуз бұғазында және одан сырт аймақтарда да шабуылға әзір отыр. Егер АҚШ уақытша бейбіт келісім шарттарын орындай алмаса, қарап отырмайды. 

Қазір АҚШ пен ИРАН арасындағы келіссөздер әлі тығырықта тұр. Тараптартың екі жақты жасаған мәлімдемелері бірін бірі жоққа шығарады. Трамп бірде жақсы нәтижеге қол жеткізгенін, ал енді бірде Иранмен келіссөз жүргізу үзілді-кесілді тоқтайтынын айтады. Ал Иран АҚШ мәлімдемелерін растамай келеді.