Шатырда ұйықтап жатқан турист қызды аю орманға сүйреп әкеткен

Ресейдің Алтай аймағында туристік базада қайғылы оқиға орын алды. Аю шатырда ұйықтап жатқан туристерге шабуыл жасап, 29 жастағы бойжеткенді орманға сүйреп әкеткен, деп хабарлайды «24KZ».

ТЖМ деректері бойынша, оқыс оқиға 19 тамызға қараған түні Бия өзенінің жағасында орналасқан «Исток» турбазасының аумағында болған.

Жыртқыш палатканы жыртып, ішіндегі қызды сүйреп алып кеткен. Ресейлік БАҚ өкілдерінің жазуынша, бұл сұмдық жағдай жақында ғана сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған жігіттің көз алдында болған. Жақындары мен құтқарушылар аюды қуып кетуге тырысқанымен, нәтиже шықпай, аю қызды алып орманға бой тасалаған.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқиға орын алған жердің кадрлары тарады: видеодан шатырдың іші шашылып жатқанын, киімдер мен бір кроссовканың сыртта шашылып қалғанын көруге болады.

Оқиғадан кейін жергілікті билік  жоғары дайындық режимі енгізіп, коменданттық сағат жарияланғанын мәлімдеді.