Солтүстік Македонияда орман өрті өршіді
Солтүстік Македонияда орман өртеніп жатыр.
Бұл жолы қызыл жалын елдің оңтүстігіндегі таулы аумақты шарпыған. Беткейдегі отты ұйытқыған жел одан сайын өршелендіріп тұр. Кейінгі бір тәуліктің өзінде құтқарушылар 30-дан астам өрт ошағымен алысты. Қазір суды таулы аймаққа тікұшақтар тасып жатыр. Өрттің өзге аймақтарға таралу қаупі жоғары,-дейді мамандар.