Қатерлі ісікке шалдыққан жылан емделді
Британдық дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан жыланды емдеді. Бұл туралы Guardian басылымы хабарлады.
Бірнеше ай бұрын Честер хайуанаттар бағында тіршілік ететін питонның жақ сүйегі тұсынан ісік анықталған. Ісікті хирургиялық жолмен алып тастағанмен, қайта пайда болып, сүйекті зақымдай бастаған. Кейін адамдарға қолданылатын электрохимиотерапия әдісімен емделді. Енді мамандар операцияның толық мәліметтерін жариялауды жоспарлап отыр.