Альпіде жерасты қоймалары салынып жатыр  

Швейцарияның Альпі тауларында ауқатты адамдарға арналған жерасты қоймалары салынып жатыр. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады. 

Қоймалар таудың астында 100 метрден астам тереңдікте орналастырылады. Құны 1 млн. еуроға дейін жетеді, ал пайдалану құқығы 99 жыл әрі ресми түрде жылжымайтын мүлік ретінде тіркеледі. Онда азаматтар алтын, ақша, өнер туындыларын, тіпті автокөліктерін де сақтай алады. Ерекше нысандар ұрлықтан, шабуылдардан, табиғи апаттардан қорғайтын жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алғашқы клиенттермен келісімшарттар жасалып қойды. Жобаны 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр.