АҚШ Канадаға 50% баж салығын енгізді

Жаңа тарифтің жалпы құны шамамен 20 миллиард доллар. Негізгі түйткіл – автокөлік нарығына байланысты. Вашингтон Канададан жеткізілетін көліктерге салынатын тарифті 25 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетпек.

Бұл орайда жеңілдік тек АҚШ-та жасалған бөлшектерге берілсін деген талап бар. Ал ресми Оттава өз аумағынан бөлек, Мексикада жасалған бөлшектерді де есепке алуды сұрайды. Бірақ тараптар ортақ келісімге келе алмады. Енді Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ-қа қарсы тарифтер енгізілетінін мәлімдеді.