Tiktok балалардың жеке басының деректерін қорғау заңын бұзды
Қытайдың "Байт Дэнс" ((ByteDance)) компаниясы АҚШ-қа 400 миллион доллар айыппұл төлейді.
Мұндай шешім оның құрамына кіретін Тик Ток ((TikTok)) платформасына балалардың жеке деректерін қорғау туралы заңды бұзғаны үшін шығарылды. Сонымен бірге әлеуметтік желі жасөспірімдердің парақшаларын жою туралы ата-аналардың өтінішіне жауап бермеді, деп айыпталған. АҚШ Әділет министрлігі талап-арызды 2024 жылы Федералдық сауда комиссиясымен бірлесіп жасаған. Ал компания кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерді қорғау үшін барлық шарттар бар екенін алға тартады.