Дүниежүзілік көшпенділер ойындары билеттерінің бағасы жарияланды

Kabar

Биыл 1-6 қыркүйек аралығында Ыстықкөл облысында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билет бағасы ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды «24KZ».

Ауқымды шара кезінде көрермендер үшін тегін форматтағы және ақылы іс-шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, Қырчын шатқалындағы мәдени және спорттық сайыстарды, сондай-ақ Құрманжан Датқа атындағы Көшпелі өркениет орталығын тамашалау тегін болады.

Ал Шопан-Ата қаласындағы «Рух Ордо» мәдени орталығында, «Дордой Номад» амфитеатрында және ипподромда өтетін мәдени шаралардың билет құны 500 сомды құрайды. Сонымен қатар, жаңа кіші аренада өтетін көкпар мен көкбөру финалдық ойындарының билеттері 1000 сомнан сатылады.

Ойындардың салтанатты жабылу рәсімінің билет бағасы орын секторларына байланысты төмендегідей санаттарға бөлінді:

  • Орталық жасыл сектор – 4 000 сом;

  • Ақ сектордағы стандартты орындар – 3 000 сом;

  • Қызыл сектордағы стандартты орындар – 2 000 сом;

  • Сары сектор (эконом-санат) – 1 000 сом;

  • Көк сектор (эконом-санат) – 500 сом.

Ақылы шаралардың билеттерін NEBS.GOV.KG Ұлттық электрондық билет жүйесі арқылы онлайн түрде немесе ресми кассалардан офлайн форматта сатып алуға болады.