Марк Цукерберг Ирландиядан 30 млн еуролық қамал сатып алды

фото: oxu.az

Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг жұбайы Присцилла Чанмен бірге Ирландиядан ортағасырлық Странкалли қамалын сатып алды, деп хабарлайды 24KZ.

Мәміленің нақты құны ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда оның бағасы шамамен 20–30 миллион еуро деп бағаланып отыр.

Үш қабатты ғимарат 1830 жылдар шамасында Блэкуотер өзенінің жағасында салынған. Қалпына келтіру жұмыстарынан кейін жылжымайтын мүлік аумағы шамамен 180 гектарды құрайды. Оның ішінде орман, бақтар және жеке айлақ бар.

Цукербергтің өкілі сатып алу фактісін растады. Оның айтуынша, отбасы Ирландияда көбірек уақыт өткізуді және тарихи нысанды күтіп ұстауды жоспарлап отыр.

Қамал Meta компаниясының Дублиндегі штаб-пәтерінен шамамен 200 шақырым жерде орналасқан.

Бұл – Марк Цукербергтің ірі жылжымайтын мүлік сатып алуының алғашқысы емес. Биыл наурызда ол Майами-Бичтен 170 миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған.