Индонезияда орман өртіне байланысты 72 күдікті ұсталды
Индонезияда орман мен батпақты алқаптарға қасақана өрт қойды деген күдікпен 72 адам ұсталды.
Полиция оларды Борнео мен Суматра аралдарындағы 89 өрт дерегі бойынша тергеп жатыр. Алдын ала тергеу мәліметінше, күдіктілердің көбі плантацияларға жер ашу үшін алқаптарды әдейі тұтатқан. Тергеушілер мұндай әрекетке компаниялардың да қатысы бар-жоғын анықтайды. Кінәсі дәлелденгендер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Индонезияда апат ошақтарында мыңдаған маман мен ондаған тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Түтін көршілес Малайзияға дейін жетіп, Саравак штатында 600-ге жуық мектеп жабылды.