Гвинеяда нөсерден қоқыс көшіп, 30 адам көз жұмды
Гвинея астанасы Конакриде қоқыс үйіндісі опырылып, кемінде 30 адам қаза тапты. Тағы бірнеше тұрғын жараланған.
Аймақта жауған толассыз нөсерден кейін полигондағы қоқыс массасы төмен сырғып, маңайдағы үйлерді басып қалған. Қазір құтқарушылар үйінді астында қалғандарды іздеп жатыр. Бұған дейін жергілікті билік бұл аумақты қауіпті деп танып, тұрғындарды көшуге шақырған еді. Алайда бәрі бірдей қауіпсіз жерге шығып үлгермеген. Енді қалған отбасылар қауіпсіз жерге орналастырылып, полигонды қала сыртына көшіру жоспарланып отыр.