Иранда ірі табиғи газ қоры табылды
Иранның оңтүстігіндегі Фарс өңірінде ірі табиғи газ қоры табылды.
Елдің Мұнай министрі Мохсен Пакнежадтың айтуынша, кен орнында 212 млрд текше метрден астам газ бар. Соның шамамен 161 млрд текше метрін өндіруге болады. Бұл Оңтүстік Парс кен орнындағы 15 жылдық өндіріс көлеміне тең. Тегеран жаңа нысанды игеруге барынша тез кірісуді көздеп отыр. Ресми мәліметке сүйенсек, соғыс кезінде елдің газ инфрақұрылымы біршама зақымданған.