Қытай 3 млн Tesla көлігін кері қайтарады

Қытай 3 млн-дай Tesla көлігін кері қайтармақ. Себебі елге импортталатын Tesla көліктері Қытайдың жол қауіпсіздігі стандарттарына сай келмейді. 

Өйткені тоқпен жүретін көліктердің есіктегі тұтқасы білінбейді. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде есікті жылдам ашуға кедергі келтіруі мүмкін. Енді америкалық компания есік тұтқаларына түрлі түсті жапсырмалар орнатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бағдарламалық жасақтамасын жаңартады. Оның ішінде автопилотты пайдалану кезінде жүргізушінің назарын бақылайтын жүйеге өзгерістер енгізілмек. Компания Шанхайдағы зауытта 2019 жылдан бері көлік шығарып келеді. Бұл модельдер Еуропа елдеріне экспортталады.  

Сондай-ақ оқыңыз: