АҚШ Кубаға қарсы эмбаргоны ұзартты

АҚШ Кубаға қарсы экономикалық шектеулерді

тағы бір жылға ұзартты.

Тиісті құжатқа президент Дональд Трамп қол қойды. Вашингтон бұл шешімді ұлттық қауіпсіздікпен байланыстырады. АҚШ билігі Куба үкіметінің саясаты елдің сыртқы мүддесіне қауіп төндіреді деп есептейді. Аралға қарсы мұндай шектеулер 1962 жылдан бері қолданылып келеді. Салдарынан екі ел арасындағы сауда мен қаржы операциялары шектелген. Енді Вашингтон қысымды одан әрі күшейтіп, Кубаға отын жеткізетін елдерге де санкция салуды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: