АҚШ-тағы агросала дағдарысқа ұшырады

Американдық фермерлер кейінгі 40 жылдағы ең ауыр дағдарысты бастан кешіп жатыр.

Бұл туралы ФайнЭншл Таймс ((Financial Times)) газеті жазды. Әсіресе жүгері мен соя өсірумен күн көріп отырған шаруалардың жағдайы қиын. Дағдарысқа АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың шиеленісуі себеп. Жанармай мен тыңайтқыш бағасы қымбаттап, өндірістік шығындар өскен. Қақтығыс басталғалы дизель отынының орташа бағасы шамамен 40 пайызға қымбаттады. Трамп енгізген сауда баждары мен аптап ыстық және құрғақшылық та кері әсерін тигізіп жатыр. Сарапшылар "егер мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе, биыл саланың жалпы шығыны 31 миллиард долларға жетуі мүмкін. Ал бұл азық-түлік бағасының қымбаттауына әкеледі" деп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: