Индонезияда ауа сапасы күрт нашарлады
Индонезия астанасы Джакартаны қою түтін жайлап, ауа сапасы күрт нашарлады. Арнайы қызметтер ластану деңгейін «қауіпті» деп бағалады.
Өңірде атмосфераға тараған зиянды қалдықтар деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген қалыпты деңгейден 12 есе жоғары. Осыған байланысты тұрғындар көшеге бетпердемен шығуға мәжбүр. Индонезияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұған кәсіпорындардан тарайтын зиянды шығарындылары мен жүк көліктерінен бөлінетін газ себеп дейді . Дерекке сүйенсек, Джакартаның өзінде 7 мың өнеркәсіптік түтін мұржасы тіркелген.