Жапонияда ыстықтың беті қайтпай тұр
Жапонияда ыстықтың беті қайтпай тұр. Өткен аптада 5122 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Оның бесеуі ауруханада көз жұмған. Зардап шеккендердің дені 65 жастан асқан қарттар.
Мамандар мұны қолайсыз күн райы мен созылмалы аурулардың қатар әсер етуімен байланыстырады. Кейінгі апталарда елдің басым бөлігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Ал шілде айында Күншығыс елінде ми қайнатар ыстықтан 79 адам жан тапсырды.