Германия Ауғанстанға депортацияны күшейтті
Германия Ауғанстанның 23 азаматын депортациялады. Еліне қайтарылғандардың дені ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болғандар.
Бұл жөнінде Германияның Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Германия ауғанстандықтарды депортациялауды 2024 жылы қайта қолға алды. Былтыр 81 адам өз еліне қайтарылды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш екі есе ұлғаюы мүмкін. Жергілікті билік енді елде заңды бұзып, қара тізімге ілінгендерді әр 3 ай сайын депортациялауды жоспарлап отыр.