АҚШ визалық сұхбаттарды уақытша тоқтатты
АҚШ әлем бойынша визалық сұхбаттарды уақытша тоқтатты. Бұл – Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатын қатаңдату бағытындағы кезекті қадамы.
Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, елшіліктер мен консулдықтардағы қызметкерлер өтініш иелерін тексерудің жаңа тәртібі бойынша қосымша оқытудан өтеді. Енді мамандар үміткердің АҚШ-та мемлекеттік жәрдемақыға тәуелді болып қалу ықтималдығын мұқият бағаламақ.