Volkswagen дағдарысқа тап болды

Немістің әйгілі көлік өндірушісі Volkswagen дағдарысқа тап болды. Bloomberg хабарлауынша, компания тағы 140 мың адамды жұмыстан қысқартуға мәжбүр.

Сондай-ақ Германияның 4 қаласындағы зауыт жабылуы мүмкін. Былтыр Дрездендегі кәсіпорын жұмысын тоқтатқан еді. Компания америкалық тарифтер мен Қытай көліктерінің нарықты жаулап алуынан осындай қиындыққа тап болған. Volkswagen әлем бойынша 600 мыңдай адамды жұмыспен қамтиды. Алайда саладағы бәсекелестік пен қаржылай қиындықтарға байланысты олардың санын біртіндеп қысқартуға көшкен.    

Сондай-ақ оқыңыз: