АҚШ-та 50 мыңға жуық заңсыз мигрант ұсталды
АҚШ-та бір айдың ішінде 50 мыңға жуық заңсыз мигрант ұсталды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл Дональд Трамп билікке қайта келгеннен бергі ең жоғары айлық көрсеткіш.
Елге шекараны заңсыз кесіп кіргендердің көбі Техас пен Флоридада қамауға тіркелген. Екі штатта 20 мыңға жуық адам қолға түскен. Енді мемлекетте заңсыз жүрген азаматтар арнайы рейдтер кезінде ғана емес, жолдағы көлік тексерісі барысында да анықталуы мүмкін. Бұған көші-қон қызметінің кеңеюі мен жергілікті полициямен бірлескен жұмыстың күшеюі әсер етіп отыр. Кейінгі жылы АҚШ үкіметі шекара қауіпсіздігін күшейтуге 70 миллиард долларға жуық қаржы бөліп, 12 мыңнан аса қызметкер қабылдаған.