Еуроодақ Ормуз дағдарысынан шығынға ұшырады

Ормуз бұғазындағы дағдарыс Еуроодақтың қазба отынына қосымша 41 миллиард еуро

көлемінде шығын әкелді.

Ирандағы соғыстан кейін бағаның күрт өсуіне байланысты Еуропа елдері қазба отынын импорттауға қосымша миллиардтаған еуро жұмсады. Еуропалық және халықаралық ұйымдар Урсула фон дер Ляйенді  мұнай мен газдан бас тарту жоспарын ұсынуға шақырды. Нидерланд, Италия, Франция және Испания Таяу Шығыстағы жеткізілімдердің бұзылуына байланысты қазба отынын импорттауға кеткен қосымша шығындардан ең көп зардап шеккен он елдің қатарына кірді. Бұл Еуропа экономикаларының әлемдік мұнай мен газ бағаларына қаншалықты тәуелді екенін көрсетеді. Дағдарыстан әлем бойынша қазба отынын импорттауға жұмсалатын шығын көлемі 282 млрд еуродан асты. Оның ішінде мұнайға 140 млрд еуро тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз: