Бейбітшілік кеңесі Израильге үндеу жолдады
Бейбітшілік кеңесі Израильді Газа секторындағы атысты тоқтату режимін сақтауға шақырды.
Бұл туралы Зэ Таймс Оф Израель ((The Times of Israel)) газеті хабарлады. Ұйым тек нақты әрі тікелей қауіп төнгенде ғана жауап ретінде күш қолдануға болады деп мәлімдеді. Тағы Кеңес шекара маңындағы басқа да заң бұзушылықтарды тоқтатуды талап етті. Бұған дейін Израиль билігі Газаны жарылғыш болуы мүмкін әуе шарларын жіберді деп айыптап, соққыларды қайта бастауға дайын екенін ескерткен еді. Жарылғыш заттар табылмаса да, Израиль бұл әрекетті ХАМАС тарапынан жасалған арандатушылық деп бағалады. Ал Хамас оқиғаға қатысы жоғын алға тартты.