Непалға әлем елдері көмек жібереді
Непалдағы жағдайға қатысты халықаралық қауымдастық алаңдаушылық білдірді. Бірқатар ел гуманитарлық көмек жөнелтпек. Еуроодақ қосымша көмек қолын жіберетінін мәлімдеді.
Ал Үндістанның Сыртқы істер министрлігі ең қажетті құрал-жабдықтарды жіберетінін мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ 500 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат үлестіреді. Бұдан бөлек, халықаралық ұйымдардан Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай 1 млн 240 мың доллар көлемінде қаржылай көмек бөлінетінін хабарлады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жөнелтеді.