ҚР СІМ: Непал мен Қытай шекарасындағы тасқында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Reuters

Непал мен Қытай шекарасындағы аумақта болған алапат су тасқынынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта жағдай министрліктің тұрақты бақылауында.

Бұған дейін Reuters агенттігі Непалдың туризм басқармасына сілтеме жасап, із-түзсіз жоғалғандардың қатарында Беларусь, Бельгия, Болгария, Финляндия, Франция, Венгрия, Ирландия, Израиль, Италия, Қазақстан, Латвия, Литва, Нидерланд, Филиппин, Португалия, Испания, Сербия, Швейцария және Швеция азаматтары болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданының шекаралық аймақтарын жайпаған жойқын тасқын салдарынан кем дегенде 160 адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз: