Сарапшы Тьерри-Поль Валетт еліміздің жаңа саяси бағытын оң бағалады

Құрылтай сайлауынан кейін Қазақстанда жаңа саяси жүйені жүзеге асыру кезеңі басталады. Еуропалық қауіпсіздік және стратегия орталығының Президенті Тьерри-Поль Валетт осындай пікір білдірді. 

Француз сарапшысы жуырда жариялаған «Қазақстан: жаңа конституциялық тәртіп аясындағы алғашқы сайлау билік тепе-теңдігін сынайды» атты мақаласында да сайлау нәтижелері мен елдегі саяси өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, ендігі маңызды кезең – жаңарған мемлекеттік басқару жүйесінің қалай жұмыс істейтінін бағалау.

Тьерри-Поль Валетт, Еуропалық қауіпсіздік және стратегия орталығының Президенті:

- Енді елдегі тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қалай жұмыс істейтіні басты назарда болады деп ойлаймын. Қазақстан энергетика және экономика тұрғысынан Еуропалық одақтың аймақтағы негізгі серіктестерінің бірі. Сондықтан бүгінде Конституциялық сот пен вице-президенттің демократиялық тепе-теңдікті сақтау жолында өз міндеттерін қалай атқаратыны маңызды. Әсіресе қазіргі геосаяси тұрақсыздық, кибершабуылдар мен түрлі экономикалық дағдарыстар жағдайында Қазақстандағы демократиялық тұрақтылықтың маңызы зор.

Сондай-ақ оқыңыз: