Қара алтын бағасы қайта құлдырай бастады

Мұнай бағасы әлемдік биржаларда қайтадан төмендеді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Brent маркалы қара алтынның бағасы барреліне 87 долларға, ал WTI 82 долларға дейін түскен.

Сарапшылар бағаның төмендеуіне Ормуз бұғазы арқылы теңіз тасымалы қалпына келеді деген болжам себеп болғанын айтады. Нарықтағы жағдайға Иран мен Оманның коммерциялық кемелерге арналған уақытша бағыт бойынша келісімі де әсер еткен. Бұл Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөзді қайта жандандыруға жаңа қадам ретінде бағаланып отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: