ЮНИСЕФ: Непалдағы апат аймағында 17 мың бала қалды
Непалдағы алапат тасқыннан кейін 17 мыңнан астам бала шұғыл көмекке мұқтаж. ЮНИСЕФ мәліметінше, қазір оларға ауыз су, дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қатар психологиялық қолдау да қажет.
Қазір мамандар отбасынан ажырап қалған балаларды іздеп, жақындарымен қайта қауыштыруға кірісті. Аймақта жұқпалы аурулар қаупі де күшейіп тұр. Табиғи апат салдарынан 18 мектеп толық қирап қалған, тағы 20 ғимарат бүлінген. Ұйым зардап шеккен балалардың шұғыл қажеттіліктерін өтеуге 17 миллион доллар қосымша қаржы қажет деп отыр.