Трамп Флоридаға 100 млн доллар көмек бөлуге қол қойды
АҚШ-тағы алапат тасқыннан зардап шеккен Флорида штатына шұғыл түрде қаржылай көмек бөлінді. Президент Трамп тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.
Соған сәйкес 100 миллион доллар көлеміндегі қаражат табиғи апат кезінде бүлінген тұрғын үйлер мен қираған бірқатар нысанды қалпына келтіру үшін жұмсалады. Шығындарын жабу үшін көмектің бір бөлігі тұрғындарға да үлестірілді. Әзірге қауіп сейілген жоқ. Синоптиктер дауыл күшейетінін ескертті. Болжам бойынша, жел екпіні жылдамдығына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.