Трамп Онатрио көлінің атауын өзгерткісі келеді

АҚШ президенті Дональд Трамп «Онтарио» көлінің атауын өзгерту жөнінде жарлыққа қол қойды. Ақ үй басшысы бұл көлді «Америка» көлі деп атауға ниетті.

Бұған Онтарио провинциясының тұрғындары наразы. Өйткені Онтарио көлінің атауы 400 жылдан астам уақыт қолданыста болған. Солтүстік Америкадағы ірі көлдердің бірі. Солтүстігінде Канаданың Онтарио провинциясы, ал оңтүстігінде АҚШ-тың Нью-Йорк штаты орналасқан. Ал Онтарио - Канаданың орталық шығысында орналасқан провинция. Канада халқының 38 пайызы, яғни басым бөлігі осында шоғырланған. Оңтүстігінде АҚШ-тың Миннесота, Мичиган, Огайо, Пенсильвания және Нью-Йорк штаттарымен шектеседі. Онтариода Канада астанасы Оттава, ең ірі Торонто қаласы орналасқан. 

Сондай-ақ оқыңыз: